2 сәуір, 2023 Нашар көретіндерге арналған нұсқа |
Мобильді нұсқа
![]() |
Агентство Республики Казахстан по финансовому мониторингу доводит до вашего сведения, что с 20 марта 2023 года планируется отключение сайта afmrk.gov.kz. Актуальную информацию о деятельности Агентства и иные сведения, ранее размещенные на данном официальном сайте можно получить перейдя по ссылке https://www.gov.kz/memleket/entities/afm.
Перечни организаций и лиц, связанных с финансирование терроризма и экстремизма, сводные санционные списки СБ ООН, перечни государств, которые не выполняют и (или) недостаточно выполняют рекомендации ФАТФ, а также перечни рисковых лиц размещены на Портале https://websfm-pilot.afmrk.gov.kz.
Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша Еуразиялық топ 2004 жылы құрылды. Алғаш рет ЕАТ-ны құру туралы бастаманы 2003 жылдың қазан айында ФАТФ-тың Пленарлық отырысында Ресей Федерациясы көтерді.
2004 жылдың ақпан айында аталған сұрақ ТМД, Қытай, сонымен бірге бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен өткен «Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ТМД-ға қатысушы елдердің ынтымақтастығы» атты халықаралық жиналыста қарастырылды.
Бастама ТМД-ға қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлігі Кеңесі тарапынан қолдау алды. Кеңес қызығушылық танытқан елдерге ФАТФ типіндегі аймақтық құрылымды құру туралы Құрылтай конференциясын өткізуді ұсынды.
Құрылтай конференциясы 2004 жылдың 6 қазан айында Мәскеу қаласында өтті. Оған 6 құрушы мемлекет қатысты: Беларусь, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан. 2005 және 2010 жылдары ЕАТ-ға мүше елдердің қатарына бұрын бақылаушы статусына ие болған Өзбекстан, Түркменстан, Үндістан елдері қосылды.
2011 жылы ЕАТ туралы Келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес Еуразиялық топ үкіметаралық ұйым ретінде танылды және оған мүше мемлекеттер топ қызметіне тең құқылық қағидасы бойынша қатысады. Келісімнің қатысушылары болып Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркменстан табылды (Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы № 569-V Заңымен ратификацияланған).
ЕАТ ФАТФ типіндегі аймақтық құрылым, 2010 жылдың маусым айынан бастап ФАТФ-тың қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Бұл ЕАТ-ға мүше мемлекеттерге ФАТФ-тың қызметіне қатысуға мүмкіндік береді.
ЕАТ-ның негізгі мақсаты аймақтық деңгейде тиімді өзара әрекеттестік пен ынтымақтастықты, сонымен қатар ФАФТ ұсынымдарына сәйкес қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық жүйеге ЕАТ мүше-мемлекеттердің енуін қамтамсыз ету болып табылады.
ЕАТ-ның негізгі міндеттері:
- қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ФАТФ ұсынымдарын мүше-мемлекеттердің енгізуіне ықпал ету;
- қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылға бағытталған бірлескен іс-шараларды әзірлеу және өткізу;
- қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қолданылып жатқан заңнамалық және өзге де шараларды зерттеуді қоса алғанда, ФАТФ Ұсынымдары негізінде мүше елдердің өзара бағалау бағдарламасын жүзеге асыру;
- арнайы халықаралық ұйымдармен, құрылымдармен және қызығушылық танытқан мемлекеттермен халықарлық ынтымақтастық және техникалық қолдау көрсету бағдарламаларын үйлестіру;
- қылмыстық кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру саласындағы типологияларды талдау және аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып осындай қылмыстарға қарсы іс-қимыл тәжірибесімен алмасу.
ЕАТ-ның жоғарғы органы Пленарлық отырыс болып табылады. Ол әдетте жылына 2 рет, бірақ 1 реттен кем емес жиілікте өткізіледі. Пленарлық отырыс жұмысына Еуразиялық топқа мүше мемлекеттердің делегациялары қатысады. Пленарлық отырыс Еуразиялық топқа мүше мемлекеттердің ортақ мүддесіне қатысты басты мәселелерді қарастырады, стратегия мен қызмет бағытын айқындайды және Еуразиялық топ мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған ұсыныс сипатындағы шешімдерді қабылдайды.
Еуразиялық топтың Төрағасы Пленарлық отырыстың шешімімен
2 жылдық мерзімге тағайындалады. Төраға Пленарлық отырыс қызметін басқарады және Еуразиялық топты оның сыртқы қатынастарында танытады. Сонымен қатар, Пленарлық отырыс шешімімен төрағалықтың әр кезеңі үшін мемлекет атаулары бойынша орыс алфавитінің тәртібімен Төрағаның орынбасары тағайындалады.
ЕАТ жұмыс топтары:
1. Өзара бағалау және құқықтық мәселелер бойынша жұмыс тобы;
2. Терроризмді қаржыландырумен күрес және типологиялар жөніндегі жұмыс тобы;
3. Техникалық көмек көрсету жөніндегі жұмыс тобы.
ЕАТ мүше-мемлекеттері:
1. Беларусь
2. Үндістан
3. Қазақстан
4. Қытай
5. Қырғызстан
6. Ресей
7. Тәжікстан
8. Түрікменстан
9. Өзбекстан
ЕАТ-тың бақылаушы мемлекеттері:
1. Армения
2. Ауғанстан
3. Германия
4. Италия
5. Иран
6. Корея
7. Литва
8. Молдова
9. Моңғолия
10. Польша
11. Сербия
12. АҚШ
13. Түркия
14. Украина
15. Франция
16. Черногория
ЕАТ бақылаушы ұйымдары:
1. Азия Даму Банкі (АДБ)
2. Ақшаны жылыстатумен күрес бойынша Азия-Тынық мұхиты тобы (ATG)
3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге қарсы орталығы (ТМД АТК)
4. Дүниежүзілік банк
5. Ақшаны жылыстатумен күрес бойынша қаржылық шараларды әзірлеу тобы (ФАТФ)
6. Таяу Шығыстағы және Солтүстік Африкада ақшаны жылыстатуға арналған қаржылық әрекеттер тобы (MENAFATF)
7. Қаржылық барлау бөлімдерінің «Эгмонт» тобы
8. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК)
9. Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ)
10. Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ)
11. Интерпол
12. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының атқарушы комитеті
13. БҰҰ-ның терроризмге қарсы комитеті (КТК)
14. Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ)
15. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ)
16. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ)
17. Еуропа Кеңесі Сарапшылар Комитеті (MONEYVAL)
18. Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы
19. Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ)
20. Есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия аймақтық ақпараттық-үйлестіру орталығы (CARICC)
Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАГ) қызметі туралы толық ақпаратты www.eurasiangroup.org/en/ ресми сайтынан таба аласыз.