1 шілде, 2022 Нашар көретіндерге арналған нұсқа |
Мобильді нұсқа
![]() |
Қаржы мониторингі агенттігі Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірегей порталына ауысқандығын хабарлайды. Осыған байланысты, Агенттігінің қызметі туралы өзекті ақпаратты және осы ресми сайтта жарияланған басқа да мәліметтерді алу үшін https://www.gov.kz/memleket/entities/afm сілтемесі арқылы өтіңіз.
Сайтқа өту Өзара бағаҚМС АРНАЛҒАН: «ҚМС көмек» бөліміндегі ақпарат өзекті.
Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі жүргізген жедел-тергеу шараларының нәтижесінде «Finbet» букмекерлік кеңсесінің заңсыз қызметінің жолы кесілді.
Аталған кәсіпорынның басшылығы букмекерлік қызметпен қатар ел аумағында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан.
Заңсыз құмар ойындары Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 букмекерлік кеңседе ұйымдастырылған.
18 желтоқсан күні 8 өңірде бір уақытта жүргізілген арнайы операция барысында кеңселерде тінту жүргізілді.
Кәсіпорынның заңсыз қызметінің жылдық табысы 3 млрд. теңгеге жуық соманы құрайды.
Заңсыз ойын бизнесінің ұйымдастырушылары қазіргі уақытта ұсталып, қамауға алынған.
Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.