1 шілде, 2022 Нашар көретіндерге арналған нұсқа |
Мобильді нұсқа
![]() |
Қаржы мониторингі агенттігі Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірегей порталына ауысқандығын хабарлайды. Осыған байланысты, Агенттігінің қызметі туралы өзекті ақпаратты және осы ресми сайтта жарияланған басқа да мәліметтерді алу үшін https://www.gov.kz/memleket/entities/afm сілтемесі арқылы өтіңіз.
Сайтқа өту Өзара бағаҚМС АРНАЛҒАН: «ҚМС көмек» бөліміндегі ақпарат өзекті.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұданәрі – Комитет) 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс қимыл туралыЗаңына2020 жылғы 13 мамырда Мемлекет басшысымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтурылар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойғанын хабарлайды.
Аталған Заңды іске асыру мақсатында Комитетпен «Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау жәнеоқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 1000 бұйрығы (бұдан әрі – бұйрық) әзірленді. Осы бұйрық 2020 жылғы 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы № 533 «Қаржы мониторингі субъектілерін жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы жойылуға қойылды.
Осыған байланысты 2020 жылғы 15 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 533 бұйрығына сәйкес білім алушылар қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, кадрлар даярлауды және оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары әзірлеген және Комитетпен келісілген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында қаржы мониторингі субъектісінің қызметкерлерін оқытудың қолданыстағы бағдарламалары қолданылуға жатпайды.
Жоғарыда көрсетілген бұйрыққа сәйкес қаржы мониторингі субъектілері Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ туралы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілері мен олардың клиенттері қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып КЖ/ТҚҚ саласында даярлау және оқыту бағдарламасын әзірлейді.
Комитет жақын арада жоғарыда көрсетілген бұйрық бойынша қаржы мониторингі субъектілері үшін реттеуші-мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырғанын қосымша хабарлаймыз.