23 сәуір, 2021 Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы |
Мобильді нұсқа
![]() |
Қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ (ЕАТ) «COVID-19 таралуына байланысты ЕАТ-қа мүше мемлекеттердегі қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (АЖ/ТҚҚ) саласындағы ахуалы, сонымен қатар пандемиямен туындаған АЖ/ТҚҚ тәуекелдерін минимизациялау бойынша қабылданған шаралар» атты ақпараттық құжат әзірленді.
COVID-19 пандемиясы басқа қауіп-қатерлерге көлеңке түсіре отырып, халықаралық қауымдастық үшін басты сынаққа айналды. Еуразия аймағындағы мемлекеттерге бір мезгілде әсер етпеді, бұл олардың экономикаға пандемияның әсер етуіне әр түрлі дайындығына әкелді.
Алайда, COVID-19 пандемиясының экономика мен қоғамға, сәйкесінше, қылмысқа, оның құрылымына, табиғаты мен динамикасына зиянды әсері осы күнге дейін жалғасуда.
Пандемия медициналық өнімдерге деген сұраныстың едәуір артуына әкелді. Қылмыскерлер дәрі-дәрмекпен байланысты әрекеттерді интернетте күшейту арқылы пандемиядан бас тартуға тырысты. Кәсіпорындар мен жеке адамдар қашықтан байланыс жасаудың онлайн жүйелеріне көбірек бет бұруда. Қылмыскерлер осыны пайдалана отырып, мұндай жағдайларда маскалар мен басқа да медициналық құрал-жабдықтар ұсынатын кәсіпорындардың қызметкерлері екендіктерін алға тартып, алдын-ала төлем жасау үшін Интернет арқылы ақша аударуды сұрайды, бірақ ешқашан тауар жеткізбейді.
Сонымен қатар, алаяқтар өз құрбандарын рейстерді тоқтату, билеттерді айырбастау, ақшаны қайтару немесе сатып алу деген сылтаумен жалған клиенттерге қызмет көрсету телефон желісіне қоңырау шалу немесе жалған веб-сайттарға сілтеме жасау арқылы алдап соққан. Осылайша, алаяқтар жәбірленушілердің жеке деректері, банктегі есепшоттар, парольдер, бақылау суреттері сияқты құпия ақпаратты ұрлап, содан кейін жәбірленушілердің шоттарынан ақша шығарып алады.
ЕАТ осы ақпараттық құжатты COVID-19 дағдарысынан туындайтын жаңа қатерлер мен осалдықтарға қатысты мәселелерді, озық тәжірибелер мен саясатты анықтау үшін мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен жеке секторлары үшін дайындады.
Бұл құжат үш жалпы тақырыпқа бағытталған:
1) COVID-19-қа байланысты қылмыстардан туындайтын жаңа қауіптер мен осалдықтар және олардың АЖ/ТҚ тәуекелдеріне әсері;
2) пандемияның АЖ/ТҚҚ саласындағы қызметіне әсерін азайту бойынша үкімет және жеке сектордың қабылдаған шаралары;
3) АЖ/ТҚҚ саласындағы құзыретті органдардың халықаралық ынтымақтастығындағы өзгерістер.
Анықтама үшін:
ЕАТ - үкіметаралық ұйым, бұл ФАТФ типтес аймақтық топ, ол аймақтық деңгейде тиімді өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты қамтамасыз етуге және ЕАТ-қа мүше мемлекеттердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық жүйесіне кіруін қамтамасыз етуге арналған. Ол аймақтың 9 елін біріктіреді: Беларуссия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан.