• Назар салыңыз! 24.06.2021 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Енгізілгендер" бөлімiнен таба аласыздар.
  • Құрметті, қаржы мониторингі субъектілері (әрі қарай – ҚМС), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 31 тамыздағы №203 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы" 03-2019 ҚР ҰЖ сәйкес, ҚМС - АЖО кіші жүйесінде және БАЖ кіші жүйесі үшін НАА және ЖЛТ жаңартылды. Осыған байланысты, ҚМС - АЖО және БАЖ кіші жүйесі үшін НАА және ЖЛТ – ны жаңартуды сұраймыз, жаңартылған нұсқасы ҚМС көмек – ҚОМЖЖ – ҚМС-АЖО бөлімінде
  • 2020 жылғы 25 мамырдан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі-Комитет) каржы мониторингі субъектілері үшін 2019 жылғы 6 тамыздағы Комитеттің kfm.gov.kz сайтында, «ҚМС, Қылмыстық істерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологиясы, схемалары мен тәсілдері көмегінде» деген бөлімінде кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөнінде ақпарат орналастырылғанын хабарлайды.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • Құрметті, қаржы мониторингі субъектілері (әрі қарай – ҚМС), "Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 қарашадағы №938 бұйрығына сәйкес ҚМС ұсынылатын ҚМ-1 бойынша операцияларға қатысушылардың саны 2 қатысушыға дейін өзгертілді. Осыған байланысты, ҚМС - АЖО және БАЖ кіші жүйесі үшін НАА және ЖЛТ – ны жаңартуды сұраймыз, жаңартылған нұсқасы ҚМС көмек – ҚОМЖЖ – ҚМС-АЖО бөлімінде

Шымкент қаласында алкоголь өнімдері дайындалған жасырын цех анықталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде көрінеу жалған есепке алу-бақылау маркалары жабыстырылған алкоголь өнімдерін дайындаумен айналысатын жасырын цехтың қызметі тоқтатылды.

Тексеру барысында көрінеу жалған есепке алу-бақылау маркалары жабыстырылған 18 түрлі алкоголь өнімдерінің 6671 бөтелкесі, 15 тонна спирт, 67 есепке алу-бақылау маркалары, сұйықтықтарды араластыратын сорғы, алкоголь өнімдеріне арналған 146 бос қорап және 750 бос бөтелке, 500-ден астам қақпақшалар және 40 625 теңге ақша қаражаты анықталып, тәркіленіп алынған.

Дайындалған алкоголь өнімдерінің әрі қарай Шымкент қаласының азық-түлік дүкендеріне өткізілетіндігі анықталды. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 233-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды (көрінеу жалған есепке алу-бақылау маркаларын қолдану және өткізу).

Қазіргі уақытта, қылмыстық іс шеңберінде осы іске қатысы бар барлық тұлғалар анықталды, тиісті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізілуде.


Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесі
Хабарлама

Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі Агенттігі техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты ФМ-1 (WEB-СФМ кіші жүйесі) хабарламаларын жіберуге арналған сервис 2021 жылғы 21 маусымдаң бастап 2021 жылғы 22 маусым сағат 11:25-ке дейін қолжетімсіз болғанын хабарлайды.

Қазіргі уақытта ішкі жүйенің жұмысы қалпына келтірілді.

Орналастырылды: 22.06.2021 (12:00)

Жәрдемшілік

Егер сіз Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңының бұзушылықтар фактілері туралы ақпаратқа ие болсаңыз, мынадай телефонға қоңырау шалыңыз: + 7 (71 72) 74 - 92 - 24 

Заңнама ҚКЗ/ТҚ саласында кеңес алу:

+7 (7172) 74-97-49, 74-97-39, 74-92-26

Қаржы операциялары туралы деректер жинау жүйесінің жұмысына қатысты техникалық қателіктер туралы (ҚМС WEB):

+7 (7172) 74-97-48, 74-97-64

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабының бұзушылығы туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін сенім телефоны:

+7 (7172)  32 21 48

Жәрдем үшін алғыс білдіреміз!