• Назар салыңыз! 29.03.2023 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Енгізілгендер","Алынып тасталынғандар" бөлімiнен таба аласыздар.
  • Международный Перечень лиц, причастных к террористической и экстремистской деятельности от 10 марта 2023 года с изменениями
  • Международный Перечень организаций и лиц, связанных с финансированием распространения оружия массового уничтоженияот 15 сентября 2022 года с изменениями
  • Внимание, в авторизованной зоне Портала СФМ websfm-pilot.afmrk.gov.kz доступен функционал «Поиск в базе ПДЛ»
  • Внесены изменения в Перечень (действующий №593)
  • Международный Перечень лиц, причастных к террористической и экстремистской деятельности от 01.03.2023 года с изменениями

Уважаемые пользователи!

Агентство Республики Казахстан по финансовому мониторингу доводит до вашего сведения, что с 20 марта 2023 года планируется отключение сайта afmrk.gov.kz. Актуальную информацию о деятельности Агентства и иные сведения, ранее размещенные на данном официальном сайте можно получить перейдя по ссылке https://www.gov.kz/memleket/entities/afm.
Перечни организаций и лиц, связанных с финансирование терроризма и экстремизма, сводные санционные списки СБ ООН, перечни государств, которые не выполняют и (или) недостаточно выполняют рекомендации ФАТФ, а также перечни рисковых лиц размещены на Портале https://websfm-pilot.afmrk.gov.kz.

ФАТФ ұсыныстарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттер (аумақтар) тізбесі

2018 жылы 23 ақпанда Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлейтін топ (ФАТФ) АЖ/ТҚҚК саласындағы стратегиялық кемшіліктер бар юрисдикциялар тізімін жаңартты.

Халықаралық қаржы жүйесін АЖ/ТҚ тәуекелдерінен қорғау және АЖ/ТҚҚК халықаралық стандарттарының ұлттық режимдеріне неғұрлым толық сәйкес болуына ықпал ету мақсатында ФАТФ олардың АЖ/ТҚҚК жүйелерінде стратегиялық кемшіліктер бар юрисдикциялар тізімін белгілеп, халықаралық қаржы жүйесіне қауіп төндіретін осы кемшіліктерді жою жөнінде олармен жұмыс жүргізеді.

Осы юрисдикциялар ФАТФ-тың екі ресми құжатында орналастырылған:

1. ФАТФ-тың жария мәлімдемесі (қара тізім), онда ФАТФ мүше мемлекеттер мен басқа да юрисдикцияларды оларға қатысты осы юрисдикциялардан туындайтын сақталып отырған ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландырудың (АЖ/ТҚ) елеулі тәуекелдерінен халықаралық қаржы жүйесін сақтау мақсатында қарсы шараларды қолдануға шақыратын юрисдикциялар қамтылады;

2. АЖ / ТҚҚК жаһандық желісін жақсарту: үздіксіз процесс (сұр тізім), онда олар бойынша ФАТФ-пен бірге іс-қимыл жоспарлары әзірленген АЖ/ТҚҚК саласында стратегиялық кемшіліктер бар юрисдикциялар қамтылады.

 

1. ФАТФ-тың жария мәлімдемесі

 

1.1. Корея Халық-Демократиялық РеспубликасыХДР)

ФАТФ өзінің 2011 жылғы 25 ақпандағы үндеуін растап, барлық юрисдикцияларға өздерінің қаржы институттарына КХДР компанияларын, олардың атынан әрекет ететін қаржы мекемелері мен ұйымдарын қоса алғанда, КХДР-мен іскерлік қатынастарға және операцияларға ерекше назар аударуды табандылықпен ұсынады. Күшейтілген ықпал ету шараларына қосымша ФАТФ мүше мелекеттерді қарсы іс-қимылдың тиімді шараларын тағы да қолдануға шақырады, сондай-ақ өзінің қаржы секторларын КХДР тарапынан ақшаны жылыстатудан, терроризмді қаржыландырудан және туындап отырған жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудан (АЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) қорғау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес нысаналы қаржы санкцияларын қолдануға шақырады. Юрисдикциялар өздерінің аумақтары шегінде КХДР банктерінің жұмыс істеп жүрген филиалдарын, еншілес компаниялары мен өкілдіктерін жабу үшін қажетті шаралар қабылдауға және егер бұл БҰҰ ҚК-нің тиісті қарарларымен көзделген болса, КХДР-дің банктерімен корреспонденттік қатынастарды тоқтатуға тиіс.  

 

1.2. Иран

2016 жылы маусымда ФАТФ Иранның АЖ/ТҚҚК саласындағы стратегиялық кемшіліктерді жою жөніндегі жоғары тұрған сәяси міндеттемелеріне адалдығын және Іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруда техникалық көмекке жүгінуге оның шешімін қолдады. Иранның саяси адалдығын қамтамасыз етуіне және оның қабылдаған тиісті қадамдарын  ескеріп, ФАТФ 2017 жылы қарашада қарсы шараларды тоқтата тұруды жалғастыруды шешті.

2017 жылғы қарашадан бастап Иран қолма-қол қаражатты декларациялау режимін орнатып, АЖ/ТҚҚК туралы өзінің заңдарына түзетулер жобаларын ұсынды. Сонымен қатар, Иранның Іс-қимыл жоспарының мерзімі бітті, ал Жоспардың көптеген тармақтары аяқталмай қалды. Иранға Іс-қимыл жоспарының қалған тармақтарын толық көлемде, оның ішінде: (1) терроризмді қаржыландыруды барабар қылмыстандыру, оның ішінде «шетелдік басқыншылықты, отаршылдықты және нәсілшілдікті болдырауға тырысып жүрген» белгілі бір топтар үшін артықшылықтарды жою арқылы; (2) БҰҰ
ҚК-нің қарарларына сәйкес террористік активтерді айқындап, оларға тыйым салу; (3) тиісті тексеру режимінің барабар және мәжбүрлі сақталуын қамтамасыз ету; (4) Қаржылық барлау бөлімшесінің толық тәуелсіздігін қамтамасыз ету және өткізілген транзакциялар бойынша күдікті операциялар туралы хабарламаларды ұсыну талабы; (5) биліктің ақшаны/құндылықтарды беру қызметтерінің лицензияланбаған жабдықтаушыларын айқындау және санкциялауын көрсету; (6) Палерма Конвенциясы мен ТҚ жөніндегі Конвенцияларды ратификациялау мен жүзеге асыру және өзара құқықтық көмек көрсету мүмкіндіктерін түсіндіру; (7) банктік аударымдарда оны жөнелтуші мен бенефициар туралы толық ақпараттың қамтылуын қаржы мекемелерінің тексеруін қамтамасыз ету;
(8) АЖ қылмыстары бұзышылықтары үшін жазалардың неғұрлым кең диапазонын белгілеу; және (9) тиісті құндылық мүлкінің тәркіленуін қамтамасыз ету үшін барабар заңнама мен рәсімдерді қамтамасыз ету арқылы қарастыру керек.

Иранда қазіргі уақытта парламенттің қарауында заң жобаларының болуын ескере келе, ФАТФ қарсы шараларды тоқтата тұруды жалғастыруды шешті. Иранның өзінің Іс-қимыл жоспарын орындауында алға жылжудың болуына қарай ФАТФ одан әрі қадамдарды 2018 жылы маусымда қабылдайтын болады. ФАТФ Иран өзінің Іс-қимыл жоспарын барлық қалған тармақтар бойынша аяқтау және АЖ/ТҚҚК саласындағы қажетті реформаларды, атап айтқанда қажетті заңдарды қабылдау арқылы жүзеге асырып, реформалар жолында жедел тәртіппен екпінді ілгерілеуді бастайды деп күтуде.

Іс-қимыл жоспары толығымен аяқталғанға дейін Иран ФАТФ-тың жария мәлімдемесінде қалады. Иран Іс-қимыл жоспарында белгіленген кемшіліктерді жойғанға дейін қажетті шараларды жүзеге асырмағанға дейін ФАТФ-ты, бұрынғыдай, Ираннан төніп отырған терроризмді қаржыландыру тәуекелі және оның халықаралық қаржы жүйесі үшін төндіріп отырған қауіпі алаңдататын болады. Осыған байланысты, ФАТФ өзінің мүше мемлекеттерін және барлық юрисдикцияларды өзінің қаржы мекемелеріне Ирандық жеке және заңды тұлғалармен іскерлік қатынастар мен мәмілелерді ФАТФ-тың 19-ұсынымына сәйкес күшейтілген тәртіппен тиісінше тексеру жөнінде консультация беруді жалғастыруға шақырады. 

 

                2. АЖ/ТҚҚК жаһандық желісін жақсарту: үздіксіз процесс

 

ФАТФ АЖ/ТҚҚК-нің ұлттық жүйелерінде стратегиялық кемшіліктері бар мынадай юрисдикцияларды анықтады, олар бойынша ФАТФ-пен бірге Іс-қимыл жоспары әзірленген болатын. Әрбір юрисдикция жағдайлары ерекше, алайда әрбір елден айқындалған кемшіліктерді шешу жөнінде жоғары саяси деңгейге жазбаша бейілділік алдынды.

Қаржы мекемелері аталған елдердегі жеке және заңды тұлғалармен операцияларға іскерлік қатынастарды тексеру бойынша барабар шараларды қабылдауға тиіс. 

 

         Эфиопия, Ирак, Сербия, Сирия, Шри-Ланка, Тринидад пен Тобаго, Тунис, Вануату, Йемен

 

орнатылды  28.02.2018 (17:00)

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесі
Хабарлама

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі, 2023 жылдың 9 наурыз сағат 14:30 дан 10 наурыз сағат 15:30 ке дейін Портал Веб-СФМ, техникалық жұмыс жүргізілуіне байланысты қол жетімсіз болғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта Портал жұмысы қайта іске қосылды.

Орналастырылды: 10.03.2023 (16:00)

Жәрдемшілік

Call-центр

  • 1458 (қала нөмірінен)
  • +7 7172 70-09-51 (ұялы телефон нөмірінен)

Заңнама ҚКЗ/ТҚ саласында кеңес алу:

  • +7 7172 70-84-79, ішкі. 21122, ішкі. 21125

Жәрдем үшін алғыс білдіреміз!