2 сәуір, 2023 Нашар көретіндерге арналған нұсқа |
Мобильді нұсқа
![]() |
Агентство Республики Казахстан по финансовому мониторингу доводит до вашего сведения, что с 20 марта 2023 года планируется отключение сайта afmrk.gov.kz. Актуальную информацию о деятельности Агентства и иные сведения, ранее размещенные на данном официальном сайте можно получить перейдя по ссылке https://www.gov.kz/memleket/entities/afm.
Перечни организаций и лиц, связанных с финансирование терроризма и экстремизма, сводные санционные списки СБ ООН, перечни государств, которые не выполняют и (или) недостаточно выполняют рекомендации ФАТФ, а также перечни рисковых лиц размещены на Портале https://websfm-pilot.afmrk.gov.kz.
Комитеттің интернет-ресурсына Тізбені орналастыру Тәртібіне сәйкес ақпарат «Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесі» жеке блогына ашық және уақытша шектеулі қолжетімділікте (жаңарту датасы көрсетіле) орналастырылады, ол үш тараудан тұрады:
1) қолданыстағы (орналастыру кезінде жаңарғанТізбе көрінеді) – ашық қолжетімділік;
2) енгізілгендер (Тізбеге енгізілген ұйымдар/тұлғалар тізімі көрінеді) – уақытша шектелуі қолжетімділік, оған рұқсат тек Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен қаржылық мониторинг субъектілерінің Комитеттің интернет-ресурсындағы жеке кабинеттері арқылы ғана мүмкін;
3) шығарылғандар (Тізбеден шығарылған ұйымдар/тұлғалар тізімі көрінеді) – ашық қолжетімділік.
2) тарауға ақпарат үш жұмыс күніне орналастырылады. Үш жұмыс күні өткеннен кейін ақпарат ашық қолжетімділікке автоматты түрде ауысады және Тізбенің жаңартылған редакциясы 1)-тарауында көрінеді.
Қор биржасында «іскерлік қатынастар» түсінігін айқындау кезінде Талаптарда көрсетілген іскерлік қатынастар анықтамаларын басшылыққа алу қажет.
Қаржылық мониторинг жөніндегі комитеттің Веб-ҚМС жүйесіне бір ЖСН/БСН-мен тек бір ғана қаржылық мониторинг субъектісін тіркеуге болады.
Егер ұйым Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстыруға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 3-бабы 1-тармағының екі немесе одан көп тармақшалары бойынша қаржылық мониторинг субъектісі болып табылса, онда ҚМ-1 нысанын толтыру кезінде 3,14 реквизитінде қаржылық мониторинг субъектісінің нақты қайсысынан операция жүргізілгенін көрсету ұсынылады.
Иә. ҚР «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңымен хабарлау тәртібі енгізілген, оларға қатысты хабарлау тәртібі енгізгенге дейін қызметін хабарламасыз жүзеге асырған жеке және заңды тұлғалар қызметін жүзеге асыруды жалғастыру үшін тиісті хабарламалар жолдауға міндетті.
2015 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің №4 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау ережелеріне сәйкес хабарлама қабылдайтын ұйымның лауазымдық тұлғасына тікелей беріледі (хабарламаны қағаз тасығышта беру кезінде) немесе хабарламаны қабылдайтын мемлекеттік органға рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жолданады (хабарламаны электрондық түрде жолдаған кезде).
Хабарламаны қағаз тасығышта жолдаған жағдайда өтініш беруші болмаса, хабарламаны сенімді тұлға жолдай алады (нотариуспен куәландырылған сенімхаттың көшірмесін қоса беру).
Сонымен қатар, қызметтің басталғаны/тоқталғаны туралы хабарламаларды оның орналасқан нақты мекенжайын көрсету арқылы әрбір еншілес ұйымға жеке-жеке ұсыну қажет деп санаймыз.
Сонымен бірге, ақшамен немесе өзге мүлікпен операциялар туралы хабарламаны операция немесе мәміле аяқталуға жақын қаржылық мониторинг субъектісі жолдауы қажет.
Рұқсатты жеке немесе заңды тұлғалар алуы тиіс және ол күшінде болуы тиіс, ал хабарламаны жеке немесе заңды тұлға қызметті немесе іс-қимылды (операцияны) жүзеге асыруды бастағанға дейін жолдауы тиіс, оларға қатысты осы Заңда рұқсат етілетін немесе хабарлау тәртібі белгіленген.
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияны) рұқсатсыз немесе хабарлаусыз жүзеге асырған жеке және заңды тұлғалар оларға қатысты ҚР «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңына сәйкес рұқсат етілетін немесе хабарлау тәртібі енгізілгенге дейін қызметті немесе іс-қимылды (операцияны) жүзеге асыруды жалғастыру үшін оларға қатысты ҚР «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңымен рұқсат етілетін немесе хабарлау тәртібі енгізіледі, тиісті рұқсат алуға немесе тиісті хабарлама жолдауға міндетті.
2014 жылғы 28 қарашадағы №533 Қызметкерлерді дайындау және оқыту бойынша қаржылық мониторинг субъектеріне қойылатын талаптардың 3-тармағына сәйкес «қаржылық мониторинг субъектісінің басшысы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстыруға) және терроризмді қаржыландыруға (бұдан әрі - АЖ/ТҚҚК)қарсы іс-қимыл мақсатында міндетті дайындықтан және оқудан өтуі тиіс қызметкерлердің тізімін бекітеді».
2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Қызметкерлерді дайындау және оқыту бойынша қаржылық мониторинг субъектілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 533 бұйрығының 2-тармағының 6 және 7-тармақшаларына сәйкес (бұдан әрі - Бұйрық) қаржылық мониторинг субъектілерінің қызметкерлері жұмысқа қабылдау кезінде және қызметкерді ұйым ішінде АЖ/ТҚҚКтуралы заңнаманы орындаумен байланысты лауазымға ауыстыру (уақытша ауыстыру) кезінде кіріспе курстан өтеді, сондай-ақ, қаржылық мониторинг субъектісінің қызметкерлері ҚКЗ/ТҚ туралы заңнаманысақтаумен байланысты функцияларды жүзеге асыруды бастағанға дейін бір мәрте негізгі курс түрінде оқудан өтеді.
Ерінің (зайыбының) пайдасына мүлік және өзге материалдық құнды заттар сатып алу 1009 күдікті операцияны айқындау белгісі бойынша қаржылық мониторингке жатады, өйткені, ері (зайыбы) түсінігі 2011 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) туралы» Кодексіне сәйкес жақын туысқа да, жақынына да жатпайды.
«Сыйақының әдеттегіден тыс жоғары мөлшерлемесі» түсінігінде іскерлік тәжірибеде қалыптасқан сыйақы мөлшерлемесінен асады деген мағынасы жатыр.
Жоқ. Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы» Заңының (бұдан ары – АЖ/ТҚҚК туралы заң) 11-бабы 5-тармағынасәйкес, қаржы мониторингі субъектілері және олардың жұмыскерлері клиенттерге және басқа тұлғаларға құзыретті органға мұндай клиенттер және олар жасаған операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттардың ұсынылуы туралы хабарлауға құқысы жоқ.
Қаржы мониторингі комитетінің операцияны кідірту жөніндегі шешімін клиентке хабарлай отыра, қаржы мониторингі субъектісі клиентке Қаржы мониторингі комитетіне ақпарат берілгені туралы хабарлайды, сонысымен АЖ/ТҚҚК туралы Заңның 5-тармағының 11- бабын бұзады.